«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Бірлестік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Бирлестик отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области».

Құрметті ақмолалықтар! Баршаңызды мұсылмандардың ұлық мерекесі – Ораза айтымен құттықтаймын! Адал ниет, таза көңілмен ұстаған оразаларыңыз да қабыл болып, сауабына кенеліңіздер. Ежелден біздің халқымыз оразаны және айт мейрамын ізгіліктің, кешірімділіктің, мейірім-шапағаттың мерекесі деп білген. Соған орай халқымыз өз айналасына қуаныш сыйлап, көмекке мұқтаж жандарға қайырымдылық жасауды парыз санап келгені белгілі. Биылғы айт күндері де сол үрдіс жалғасады деген сенімдемін. Қазір әлем бойынша таралып отырған індетке байланысты Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының пәтуасы бойынша облысымыздағы барлық мешіттерімізде құлшылық жасау белгілі бір тәртіппен өтуде. Осыған баршамыздың түсіністікпен қарағанымыз абзал. Ораза айты мейрамы құтты болсын! Әр отбасына амандық пен береке-бірлік тілеймін. Індеттің беті қайтып, емен-жарқын көңілмен еңбек етіп, сау-саламаттылықта өмір сүруге жазсын! Ел аман, жұрт тыныш болсын! Ермек Маржықпаев, Ақмола облысының әкімі

13.05.2021
Просмотров: 183


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз және әлеуметтік желі!

Ұйымдар тізімі
Текст