Текст
Қыркүйектің 5-18 аралығында "Бірлестік ауылының ЖОББМ"КММ Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай "Тіл-ұлттық қазына" атты онкүндігінің аясында онкүндіктің ашылуы, "Ұлы Абай туралы қызықты 10 дерек" атты жалпықазақстандық ашық диктант, "Тіл-тұғыр,кітап-қазына" атты кітаптар көрмесі, "Абай Құнанбайұлы-адамгершілік пен парасаттылықтың жаршысы" атты парасаттылық сағаты, "Тіл-тұғырым" атты эссе байқауы, "Who is the best?"атты ағылшын тілінен сайыс өтті. 18-қыркүйек күні онкүндіктің жабылуы өтіп, белсене қатысқан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.