«Күзгі асар» жәрмеңкесі

28.10.2025

«Күзгі асар» дәстүрлі жәрмеңкесі Бірлестік ауылының ЖОББ мектебінде жоғары деңгейде ұйымдастырылып, 2025 жылдың 23 қазан күні өткізілді. Шараның мақсаты – оқушылардың еңбекке деген сүйіспеншілігін арттыру, кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастыру және қайырымдылыққа баулу.  
Жәрмеңкеге 1–11 сынып оқушылары белсене қатысып, үйден әкелген күзгі өнімдер мен тағамдар, қолдан жасалған бұйымдар сатылымға қойылды. 
Іс-шара ұйымшылдықпен, мерекелік көңіл-күйде өтті. Оқушылардың белсенділігі мен ата-аналардың қолдауы ерекше байқалды.

 

Просмотров: 3760


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу