1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Бұл күн – елімізде тұратын түрлі ұлт пен ұлыстың татулығы мен достығын дәріптейтін мереке. Осы мерекеге орай Бірлестік ауылының ЖОББ мектебінде "Бір шаңырақ астында" тақырыбында фестиваль өтті. Фестивальге 8 ұлт қатысты. Фестиваль 4 кезеңмен ұйымдастырылды:
🎞️Әр халықтың тарихынан таныстырылым
🌠Ұлттық өнері мәдениеті
🎯Ұлттық ойыны
🌮Ұлттық дастарханы
Әрбір кезеңге қатысушылар өте жоғары дайындықпен қатысты.
Нәтижесінде:
БАС ЖҮЛДЕ-жапон халқы
І ОРЫН-қазақ халқы
ІІ ОРЫН- латын америка халқы
ІІІ ОРЫН- африка халқы иеленді. Ал қалған: Грузин халқы, Сауд Арабия халқы, Якут халқы, Италия халқы әртүрлі номинацияларға ие болды. Сайыс өте тартысты әрі қызықты өтті. Барлық қатысушы топтар мадақтамалармен марапатталды. Дәстүр бойынша кубок бас жүлде иегерлеріне табысталды.
Қазақстанда жүзден астам ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Бірлік пен ынтымақ – ел дамуының негізі, болашақтың кепілі. Баршаңызды 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, ынтымағымыз берік болсын! Достық пен татулық әр шаңыраққа бақыт әкелсін!